...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда тұрғындар жерін заңсыз сатқан ПКСК төрағасы 5 жылға сотталды

Алматы қаласының прокуратурасы Асқай-1А шағын ауданындағы әлеуметтік шиеленіс ошағын талдау нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында ПКСК төрағасы тұрғындардың ортақ үлестік меншігіндегі жер телімдерін заңсыз сатқаны анықталды.

2026 жылғы 17 тамызда «Школьник» ПКСК-нің бұрынғы төрағасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді.

Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу және жауапкершіліктің бұлтартпастығын көрсету мақсатында прокуратура проблемалық ОСИ және ПКСК төрағаларының қатысуымен істі ашық сот отырысында қарауды қамтамасыз етті.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде Асқай-1А шағын ауданының 15 мыңнан астам тұрғынының құқығы қорғалып, әлеуметтік шиеленіс ошағы жойылды.