
25 сәуірде Алматыдағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында «Жасыл жинақ» экологиялық акциясы өтеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шараны «Ecosen» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырушылар қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту және қалаға экологиялық жүктемені азайтуды көздейді.
Акция барысында тұрғындар пластик, қағаз, шыны, алюминий және электронды құрылғылар сияқты қайта өңделетін шикізатты тапсыра алады. Сондай-ақ сынап бар шамдар мен арнайы кәдеге жаратуды қажет ететін құрылғыларды қоса, қауіпті қалдықтарды қабылдау ұйымдастырылады.
«Тұрғындар мен қала қонақтарын осы акцияға қатысуға шақырамыз», — деді «Eco Almaty» ЖШС-де.
Акция сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.
Дереккөз: Almaty.tv