
Жетісу ауданы полиция басқармасы Алматыдағы мектепте болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жасөспірім қыз әлеуметтік желілер арқылы алған нұсқаулардың әсерімен құқыққа қайшы әрекеттерді жоспарлаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде жасөспірімді құқыққа қайшы әрекеттерге тартуға қатысты адамдар анықталуда. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілдеріне қатысты тәрбие міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
2026 жылғы 22 сәуірде Теміртауда үш баланы электр тогы соққан. Соңғы мәліметтерге сәйкес, балаларды реанимациядан бейінді бөлімшеге ауыстырып, консервативті ем жүргізіп жатыр.
Дереккөз: Zakon.kz