...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Спорт

Алматылық әскери қызметші Азия чемпионатында алтын алды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, капитан Қымбат Ахметова контактілі джиу-джитсудан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жарыс 2026 жылғы 16-19 шілде аралығында Алматыда өтті, онда спортшы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Азия чемпионы атанды.

Ұлттық ұланда капитан Қымбат Ахметованың жетістігі 6654 әскери бөлімінің жеке құрамы үшін ғана емес, барлық құқық қорғау әскерлері үшін мақтаныш екенін атап өтті.

Бұл нәтиже Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қызметтік-жауынгерлік қызметте ғана емес, спортта да жоғары жетістіктерге жететінін тағы бір рет дәлелдейді, — деп мәлімдеді ведомствода.

Бұған дейін Қазақстан бразилиялық джиу-джитсудан Asian Jiu Jitsu Championship 2026 чемпионатында алғаш рет жеңімпаз атанған болатын.

Дереккөз: Inform.kz