...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Спорт

Бублик пен Нұрланұлы Almaty Open парлы турнирінде ұтылды

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Зангар Нұрланұлы Алматыдағы ATP 250 хард турнирінің парлы разрядында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Олар негізгі сеткеге ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен (wild card) қатысты. Бірінші айналымда қазақстандықтар израильдік Даниэль Цукерман мен бразилиялық Фернандо Ромболимен кездесті.

Матч чемпиондық тай-брейкпен аяқталды. Цукерман мен Ромболи 3:6, 7:6 (7:5), 10:6 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 25 минут өткізді.

Қазақстандықтар парлы разрядтағы өнерін аяқтады, бірақ Almaty Open-да жекелей сеткеде өнер көрсетеді. Нұрланұлы бірінші айналымда чех Томаш Махачпен ойнайды. Бублик екінші раундтан бастайды, онда венгр Фабиан Марожанмен кездеседі.