...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Спорт

Almaty Open: Нұрланұлы мен Бублик матчы 800 орынды трибунаға сыймай, аншлаг жинады

Алматыда өтіп жатқан Almaty Open турнирінде қазақстандық жұп Нұрланұлы – Бублик бразилиялық Фернандо Ромболи мен израильдік Даниель Цукерманға қарсы ойнады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл кездесу ұйымдастырушылардың шешімімен №1 кортта өтті. Аренаның сыйымдылығы 800 адам болғанымен, көрермен саны одан асып, аншлаг тіркелді. Жанкүйерлер матчты тұрып және өткелдерде отырып тамашалады.

Ойыншылар да жанкүйерлердің үмітін ақтап, әдемі розыгрыштар үшін ду қол шапалаққа бөленді.

Бірінші сетті турнир қожайындары 6:3 есебімен жеңіп алды. Екінші партия тай-брейкке жетті, онда сәттілік Ромболи – Цукерман жұбына бұйырды – 7:5.

Шешуші супер тай-брейкте қонақтар 10:6 есебімен басым түсіп, осы жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, Бублик жекелей сындағы ойынын екі күннен кейін бастайды, оның қарсыласы венгриялық Фабиан Марожан болады. Ал Зангар ертең әлемнің 72-ші ракеткасы, чехиялық Томаш Махачқа қарсы кортқа шығады.

Бір сағат бұрын Almaty Open 2026 турниріндегі мүмкіндіктері туралы бірінші сеяный Даниил Медведев айтып берді.