Алматының Бостандық ауданындағы тұрғын үйде өрт шығып, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері төрт адамды эвакуациялап, бір баланы құтқарды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өрт «Орбита-2» шағын ауданында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болды. 112 пультіне өрт туралы хабарлама түскен соң, оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жіберілді.
Құтқарушылар өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға дереу кірісті. Олар баспалдақ арқылы төрт адамды қауіпсіз жерге шығарып, тағы бір баланы құтқарды. Жедел әрекеттің арқасында от көрші бөлмелерге таралмады. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
«Оқиға орнына келгенде өрт бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болғаны анықталды. Құтқарушылар өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға дереу кірісті. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері баспалдақ арқылы төрт адамды эвакуациялады, тағы бір бала құтқарылды. Құтқарушылардың жедел әрекеті оттың көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Қызылорда облысындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланғаны хабарланған болатын.
