...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда курьер жеткізген баллон полицияға ірі қойманы ашуға көмектесті

Алматыда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері азот тотығы бар баллонды тасымалдаған курьерді ұстады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жеткізудің болжамды схемасын анықтап, заттың ірі партиялары сақталған қойманы тапқан.

Заңсыз айналымнан әртүрлі көлемдегі 685 баллон және оларды толтыруға арналған жабдық тәркіленді.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір полицейлер күшті әсер ететін заттың заңсыз айналымын ұйымдастыруға қатысы бар барлық адамдарды анықтап, оны жеткізу және өткізу арналарын анықтауда.

Дереккөз: Zakon.kz