...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жұмысшы мен тұрғын арасындағы жанжал пышақтаумен аяқталды

Алматыда ғимаратты бөлшектеумен айналысқан жұмысшы мен жергілікті тұрғын арасындағы ауызша жанжал пышақтауға ұласты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданында денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікті ұсталған. Төтенше қызметтер пультіне пышақ жарақаты туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер кеуде тұсынан жараланған жас ер адамды ауруханаға жеткізген.

Сонымен қатар, «Буран-405» патрульдік экипажы ізін суытпай шабуыл жасады деген күдіктіні ұстаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар арасында бұған дейін де жанжал болған.

«Бірнеше күн өткен соң ауызша жанжал қайта өршіп, суық қару қолданумен аяқталды», — делінген хабарламада.

Күдіктінің ескі ғимаратты бөлшектеу бригадасында жұмыс істегені, ал жәбірленушінің жақын маңдағы үйлердің бірінің тұрғыны екені анықталған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

«Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері тергеу шараларының кешенін жүргізуде, оның ішінде қылмыс құралының орналасқан жерін анықтау», — деп нақтылады ПД.

Дереккөз: Nur.kz