Almaty Open-2026 теннис турнирінің алғашқы жартылай финалистері анықталды: Грузия өкілі Николас Басилашвили мен Грекияның өкілі Стефанос Циципас ширек финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бірінші жартылай финал жолдамасын квалифайер Николас Басилашвили (ATP рейтингінде №128) жеңіп алды. Ол тәжірибелі француз Адриан Маннариноны 1 сағат 10 минут ішінде 6:3, 6:1 есебімен ұтты.
Екінші ширек финалда турнирдің жетінші себілген ойыншысы грек Стефанос Циципас австралиялық Джеймс Даквортты 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Қалған екі жартылай финалист бүгін сәл кейінірек анықталады. Үшінші ширек финалда турнирдің бірінші ракеткасы ресейлік Даниил Медведев Францияның өкілі Теренс Атманмен кездеседі.
Ойын күнінің бағдарламасын біздің Александр Бублик пен Ресейдің тағы бір өкілі Карен Хачанов жабады (басталуы – 19:30-да).
Сонымен қатар, бірнеше күн бұрын Испанияның ерлер теннис құрамасы Дэвис кубогы-2026 финалына өз жұлдыздарының алдын ала құрамын жариялады.
Публикация от Almaty Open (@almatyopen)
