Қазақстанның үш мегаполисінде 24–26 қазан аралығында ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады, тек Алматыда 26 қазанда аздаған жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін синоптиктер елімізге -18°C-қа дейін аяз келетінін ескерткен болатын. 24, 25 және 26 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын толығырақ сілтеме арқылы білуге болады.
Астана:
24 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз +2…+4°С.
25 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +6…+8°С.
26 қазан: айнымалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел батыстан 7-12 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +6…+8°С.
Алматы:
24 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -2…-4°С аяз, күндіз +4…+6°С.
25 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -5…-7°С аяз, күндіз +5…+7°С.
26 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -3…-5°С аяз, күндіз +8…+10°С.
Шымкент:
24 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, топырақ бетінде -2°С аяз, күндіз +13…+15°С.
25 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, топырақ бетінде -2°С аяз, күндіз +14…+16°С.
26 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +16…+18°С.
