...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жүк көліктеріне жаңа шектеулер енгізіледі

Алматыда 25 шілдеден бастап оське түсетін салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысы бірқатар көшелерде шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалада күндізгі уақытта оське түсетін салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің жүруіне тыйым салатын жол белгілері орнатыла бастады. Бұл туралы қалалық жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы хабарлады.

Шектеулер күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін мына шаршы аумақта қолданылады: Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – Шығыс айналма автомобиль жолы – Рысқұлов даңғылы.

«Жол белгілерін орнату жұмыстарын 24 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған. 25 шілдеден бастап барлық ұйымдастыру шаралары аяқталғаннан кейін жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер күшіне енеді», — делінген басқарма хабарламасында.

Өзгерістер Алматы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Ведомствоның түсіндіруінше, мұндай шаралар көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, ең көп жүктелген магистралдардағы көлік жүктемесін азайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Жүк көлігі жүргізушілеріне маршруттарын алдын ала түзету, жаңа шектеулерді ескеру, жол белгілерінің талаптарын сақтау және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындау ұсынылады.

Дереккөз: Nur.kz