Алматыда жеке сектордағы өрт сөндірілді. Тілсіз жау кеше оңтүстік астанадағы Кемел Жетісу ауданындағы жеке үйдің шатырын шарпыған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру есептемелері жедел жіберілген. Тығыз құрылыс салдарынан өрттің көрші үйлерге ауысу қаупі туындаған.
«Өрт сөндірушілер бір уақытта тілсіз жауды сөндіріп, жақын маңдағы ғимараттарды қорғады. Өртті тоқтатып, оның таралуына жол бермеді. Құтқарушылар үйдің ішкі бөлмелерінің термиялық зақымдануын болдырмады», — деп хабарлады ТЖМ.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды және 112 нөміріне дереу хабарлауды ескертеді.
Дереккөз: Nur.kz