...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда орталық көшелерге жүк көлігінің кіруі шектеледі

Алматыда жүк көліктерінің оське түсетін салмағы 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысын шектейтін жол белгілерін орнату жұмыстары басталды. Шектеулер күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін мына алаң ішінде қолданылады: Саина көшесі – әл-Фараби даңғылы – Шығыс айналма автомобиль жолы (ШААЖ) – Рысқұлов даңғылы. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жол белгілерін орнату жұмыстары 24 шілдеге дейін аяқталады деп жоспарланған. 25 шілдеден бастап, барлық ұйымдастыру шаралары аяқталғаннан кейін, жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер күшіне енеді.

Өзгерістер Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп іске асырылуда.

Шектеулерді енгізу көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, қаланың ең жүктелген магистральдарына көлік жүктемесін азайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Жүк көліктерінің жүргізушілеріне енгізілетін шектеулерді ескере отырып, маршруттарды алдын ала жоспарлау, жол белгілерінің талаптарын сақтау және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындау ұсынылады.

Дереккөз: Almaty.tv