Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тұрғындар дауыс беру қорытындысы бойынша қолдау тапқан бастамалар бойынша жұмыстардың барысы қаралды. 2026 жылы 219 жобаны іске асыру жалғасуда: 29-ы аяқталды, 188-і іске асыру сатысында, тағы екеуі бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
ХҚБ аясында қаланың әртүрлі аудандарында қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары, аула аумақтары мен жағалаулар абаттандырылуда. Барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Дархан Сатыбалды аудан әкімдеріне әрбір нысанды ерекше бақылауға алуды, орындалатын жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етуді және бекітілген мерзімдердің бұзылуына жол бермеуді тапсырды.
Қала әкімі «Халық қатысатын бюджет» тұрғындармен өзара іс-қимылдың негізгі құралдарының бірі екенін атап өтті. Жоба алматылықтарға қалалық ортаны дамытуға тікелей қатысуға және абаттандырудың басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімдіктеріне барлық жобаларды уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету, жұмыс сапасын бақылауды күшейту және budget.open-almaty.kz порталы арқылы тұрғындарға бастамалардың іске асырылу барысы туралы үнемі хабарлап отыру тапсырылды.
Дереккөз: Almaty.tv