24-27 шілде аралығында Алматыда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен қала әкімдігінің қолдауымен WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді. Жарыс 17 ел мен территориядан 230 жас спортшыны жинайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Турнирге қазақстандық спортшылардан бөлек, Аустралия, Әзербайжан, Гонконг, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирак, Иран, Катар, Қытай Тайбэйі, Корея Республикасы, Малайзия, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан, Жапония өкілдері қатысады.
Қазақстан құрамасын 82 теннисші ұсынады, олар әртүрлі жас санаттарында өнер көрсетеді.
Турнир Халықаралық үстел теннисі федерациясы мен World Table Tennis эгидасымен өткізіледі. Жарыс халықаралық жасөспірімдер сериясының күнтізбесіне енгізілген, нәтижелері әлемдік рейтингте ескеріледі.
Спортшылар 11 және 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жеке разрядтарда, сондай-ақ 15 және 19 жасқа дейінгі аралас жұптық разрядтарда жүлделерді сарапқа салады.
Жарыстар ADD Ustel Tennis Ortalygy мекенжайы: Нұркент шағынауданы, 14Б өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.
Матчтардың тікелей трансляциясын SportPlus Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.
Дереккөз: Almaty.tv