Алматыда таулы аймақтарда туристік инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Қазіргі уақытта туристер үшін 1 мың шақырымнан астам тау маршруты цифрландырылған, оның ішінде 850 шақырымнан астамы абаттандырылып, 2GIS платформасында қолжетімді. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Соңғы уақытта он танымал маршрутты абаттандыру аяқталды, жаңа кемпинг аймақтары құрылды, «Алма-Арасан» термалды бұлағы қайта жаңғыртылды, ауыз су жинау орындары жабдықталып, танымал туристік нысандар жаңартылды.
Сонымен қатар, саяхатшылар үшін бес тілде 110-нан астам көрікті жер мен 10 туристік маршрутты қамтитын аудиогид әзірленді.
Дереккөз: Almaty.tv