...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Жетісу көшесінің бір бөлігі жол жөндеуге байланысты жабылады

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

9 маусым сағат 07:00-ден 10 маусым сағат 07:00-ге дейін Мақатаев көшесінен №49 үйге дейінгі аралықта жол жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады.

Жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Еске сала кетейік, 2 маусымнан бастап №2 және №48 бағыттар Искендіров көшесінің Қажымұқан көшесінен Әзербаев көшесіне дейінгі бөлігіндегі жөндеуге байланысты уақытша өзгертілген болатын.

Дереккөз: Inform.kz