Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Бөкейханов көшесіндегі көпір құрылымына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тиісті лот мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған. Конкурс аяқталды. Жобаның құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Тапсырыс беруші — қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Жұмысты орындау мерзімі — 13 ай.
Эстакаданы күрделі жөндеу құрылымның авариялық жағдайына байланысты. Негіз болып «TestConstruction» компаниясы жүргізген көлік айрығының тексеру қорытындысы табылды. Жұмыстар конструкцияның өлшемдерін сақтауды, оның қазіргі енін ұлғайтпауды, сондай-ақ жол өтпелінің тіреу бағандарын нығайтуды көздейді, — делінген құжаттамада.
Хабарландыру 29 мамырда жарияланып, 3 маусымда аяқталды. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз «СЕрВИС НС» ЖШС деп танылды. Компания 2016 жылы тіркелген және Ақмола облысының Аршалы кентінде орналасқан.
Бұған дейін мемлекеттік сатып алу сайтында Алматы метрополитенінің үшінші кезегі — «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі желінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу туралы хабарландыру жарияланған болатын. Метроның жаңа станцияларын Алатау даңғылы бойына орналастыру жоспарлануда.
Бұған дейін Атыраудағы орталық көпір жөндеуге байланысты 10 күнге жабылғаны хабарланған еді.
Дереккөз: Inform.kz
