Алматыда жасырын патруль қызметкерлері Әл-Фараби даңғылында қауіпті жүріс ұйымдастырған екі жүргізушіні ұстады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айыппұл тұрағына жіберілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға өткен түні Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болды. Әкімшілік полицияның іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері қаланы айырым белгілері жоқ қызметтік көлікпен патрульдеп жүріп, BMW және Toyota маркалы көліктердің жүргізушілерінің қауіпті әрекетін анықтады. Полиция мәліметінше, олар агрессивті маневр жасап, жолақтар арасында ретсіз ауысып, басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген.
Екі көлік те жедел тоқтатылып, бұғатталды. Жүргізушілерге қатысты бұзушылықтар бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына жіберілді.
Полиция жасырын патрульдеу жол қозғалысы ережелерін әдейі елемейтін және апаттық жағдайларды тудыратын жүргізушілерді анықтау үшін қолданылатынын еске салды.
Ведомство мәліметінше, бұл әдіс енгізілгеннен бері Алматыда агрессивті жүрістің 500-ден астам фактісі жолын кесіліп, барлық бұзушылар жауапкершілікке тартылған.
Дереккөз: Inalmaty.kz