...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыға алғашқы жүк рейсі келді: flydubai ұшағын «КМГ-Аэро» құйды

Алматы халықаралық әуежайына flydubai әуекомпаниясының алғашқы жүк рейсі келіп қонды, ұшаққа «КМГ-Аэро» компаниясы отын құйды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Рейстер Boeing 737 ұшақтарымен аптасына бір рет орындалады. Жаңа жүк бағыты Орталық Азияның ірі авиациялық тораптарының бірі Алматыны халықаралық авиациялық және логистикалық орталық Дубаймен байланыстырды.

Алматы халықаралық әуежайы жаңа бағыт үшін инфрақұрылым мен жердегі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. «КМГ-Аэро» өз кезегінде әуе кемелерін «қанатқа» кешенді авиаотынмен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

«КМГ-Аэро» мен flydubai ынтымақтастығы 2023 жылдың желтоқсанында басталған. 2026 жылдың қазанына дейін компания әуекомпанияның жолаушы рейстерін отынмен қамтамасыз етті, енді серіктестік жүк бағыттарына да кеңейтілді.

Жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүк тасымалдауға қосымша мүмкіндіктер туғызып, Алматының аймақтағы авиациялық және логистикалық орталық ретіндегі рөлін нығайтады.

Жүк авиақатынасын дамыту жұмыстары мемлекет басшысының Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі авиациялық хабы ретіндегі ұстанымын нығайту және елдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүргізіліп отыр.

«КМГ-Аэро» сондай-ақ жетекші халықаралық тасымалдаушылармен ынтымақтастықты кеңейтіп, отандық әуежайларда авиаотынмен қамтамасыз етудің ашық, тұрақты және бәсекеге қабілетті жағдайларын жасау жұмыстарын жалғастыруда.