...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Алматыда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотты болған ер адам ұсталды, ол пәтер ұрлығының бірнеше эпизодына күдікті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам Алматы мен Астанада ұрлық жасаған.

Оның Алматыдағы алты пәтер ұрлығына қатысы дәлелденді. Бір жағдайда пәтердің кіреберісінен 20 мың теңге бар сөмке жоғалған, тағы бір эпизодта келтірілген шығын 40 мың теңгені құрады.

Күдікті ұсталды. Тергеу жалғасуда, оның құқыққа қарсы әрекетінің барлық мән-жайы анықталуда.

Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police) парақшасында жарияланған пост

Сонымен қатар, Алматының Жетісу ауданындағы кафелердің бірінде кешкі ас қанды қақтығысқа ұласты. Төбелес кезінде ер адамдардың бірі өзінің сол қолын кесіп алған.