Алматы-1 вокзалын қайта жаңғыртуға 500-ден астам маман жұмылдырылып, жұмыс екі ауысыммен жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезеңде нысанның құрылыс дайындығы 40% құрайды. Атап айтқанда, шатырдан нөсер кәрізі жүйесі орнатылып, сыртқы демонтаж, сыртқы витраждар мен инженерлік желілерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аралдық перрон платформасы мен уақытша электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды.
— Нысанда шатырды орнату, металл каркасты нығайту, инженерлік желілерді, жылу, желдету және автоматты өрт сөндіру жүйелерін монтаждау, сондай-ақ ішкі қабырғалар мен бөлгіштерді тұрғызу жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады министрлікте.
Сондай-ақ нысанды заманауи технологиялық жабдықтармен жарақтандыру жалғасуда. Сыртқы және ішкі витраж жүйелерін жеткізу және монтаждау жүргізілуде. Бұдан басқа, лифт және эскалатор жабдықтары, сондай-ақ жылу, желдету және ауа баптау жүйелеріне арналған инженерлік жабдықтар жинақталуда.
Ведомствоның атап өтуінше, Алматы-1 вокзалын қайта жаңғырту жобасы нысанның эстетикалық және функционалдық сапасын жақсартып қана қоймай, көлік инфрақұрылымының заманауи талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсету деңгейі мен жайлылығын арттырады.
Дереккөз: Inform.kz