Алматыда кафеде есеп айырысу кезінде шыққан жанжал қанды қақтығысқа айналып, бір ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға Кудерин көшесіндегі мейрамханада болған. Онда үш ер адамнан тұратын топ бір үстелде отырған.
Есеп айырысу уақыты келгенде клиенттер ақшаны қолма-қол емес, аударым арқылы төлеуді ұсынып, даяшыдан банк картасының нөмірін сұраған.
Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция патрулі дереу шақырылды.
Келген дәрігерлер қанға боялған ер адамға қажетті көмек көрсетті, ал түнгі оқиғаның қалған қатысушылары барлық мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.
«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді полицияда.
Бұған дейін Алматы орталығындағы пәтердің күтпеген «мақсаты» анықталғаны хабарланған. Полицейлер одан не тапқанын осында біле аласыз.
