...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жылы демалыстан кейін жаңбыр мен суық ауа райы келеді

Алматыда алдағы демалыс күндері мен апта басы жылы болады, алайда кейін жауын-шашын басталып, суық ауа райы орнайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтансық Медеуованың айтуынша, жақын күндері ауа райы жылы болады. Бірақ кейін жауын-шашын басталып, одан соң суық түседі.

Оның сөзінше, кейіннен жауын-шашын тоқтап, кезең соңында қайтадан жауын-шашынсыз ауа райы орнайды және күндізгі температура біртіндеп +20+22°C-қа дейін көтеріледі. Сондай-ақ желді күндер болуы мүмкін.

Алматы бойынша 2026 жылғы 10-16 қазан аралығындағы ауа райы болжамы:

10-11 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.

12 қазан: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +17+19°С.

13 қазан: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +17+19°С.

14 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +19+21°С.

15-16 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +20+22°С.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 10 қазан, сенбі күні Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялаған болатын.