Алматыда бүгіннен бастап Жандосов көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты уақытша шектеулер енгізіледі.
21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Жол қозғалысына қатысушыларды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимінің талаптарын сақтауға шақырамыз. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына байланысты түзетілуі мүмкін, — деп ескертті әкімдік.
Дереккөз: Nur.kz