Алматы тауларында демалып жүрген әйел аяғын жарақаттап, құтқарушыларға жүгінді. Оқиға «Аюсай» визит-орталығы маңында болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар зардап шеккен әйелді тауып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қауіпсіз түсіруді ұйымдастырды. Ол «Аюсай» визит-орталығына жеткізілді.
Дереккөз: Inalmaty.kz