Алматы тауларында 2008 жылы туған туристка құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды. Оқиға Үлкен Алматы көлі ауданында теңіз деңгейінен шамамен 2300 метр биіктікте болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тау маршрутымен түсу кезінде қыз аяғын жарақаттап, әрі қарай өз бетімен жүре алмаған.
«Хабарлама түскеннен кейін Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері дереу оқиға орнына шықты. Құтқарушылар зардап шеккен қызды тауып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, «Аюсай» визит-орталығына дейін қауіпсіз түсуді ұйымдастырды», — делінген хабарламада.
Кейін туристканы одан әрі тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
Дереккөз: Nur.kz