Алматыда отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы ер адам пышақталып, қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы дереу жетті. Дәрігерлер 59 жастағы ер адамды құтқаруға тырысқанымен, алған көптеген пышақ жарақаттары мен қан жоғалту өмірмен сыйыспайтын болып шықты.
Полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні ұстады. Тергеу деректері бойынша, ол қайтыс болған адамның 34 жастағы өгей ұлы болып шықты. Алдын ала анықталғандай, отбасылық жанжал кезінде ол өгей әкесін ас үй пышағымен бірнеше рет ұрған.
Полицияда қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі – күдіктінің анасына қатысты келіспеушіліктерден туындаған жанжал. Болған оқиғаның барлық мән-жайы тергеу аясында тексеріледі, — деп хабарлады полиция.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеушілер оқиғаның толық бейнесін және қылмыс себептерін анықтау үшін қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізуде.
Дереккөз: Zakon.kz