...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Туристке Алматы тауларында 2 600 метр биіктіктен көмек көрсетілді

Алматы тауларында ТЖМ құтқарушылары шамамен 2 600 метр биіктікте көтерілу кезінде жағдайы нашарлаған туристке көмек көрсетті. Ер адамды эвакуациялап, дәрігерлерге тапсырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға Бостандық ауданында, «Қыз көз жасы» сарқырамасының үстіндегі Терра алаңы маңында болды. Төтенше жағдай туралы хабарлама 1963 жылы туған ер адамнан келіп түскен. Ол денсаулығының нашарлағанын айтып, таудан түсуге көмек сұраған.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, БАУ КҚБ қызметкерлері, медициналық апаттар орталығының мамандары және жедел жәрдем бригадасы дереу жіберілді. Құтқарушылар туристі тез тауып, қажетті көмек көрсетіп, таудан қауіпсіз түсіруді ұйымдастырды. Эвакуациядан кейін ер адамды тексеру үшін дәрігерлерге тапсырды.

ТЖМ тауға шығар алдында денсаулық жағдайы мен ауа райын ескеруге, сондай-ақ жақындарына маршрут пен қайту уақыты туралы алдын ала хабарлауға шақырады.

Дереккөз: Inalmaty.kz