...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Қытай азаматы мен жас қазақстандық Алматы тауларында құтқарылды: екеуінің де тізесі жарақаттанған

Алматы маңындағы тауларда екі турист ұқсас жарақат алып, құтқарушылар оларға көмек көрсетті. Бірінші оқиға Үлкен Алматы көлінің маңында, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте болса, екіншісі Шымбұлақтағы Комби-2 аймағында тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Үлкен Алматы көлі маңында 1990 жылы туған Қытай азаматы тізесін жарақаттап, құтқарушылардан көмек сұраған. Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілген. Геолокацияны пайдаланып, құтқарушылар туристі тез тауып, таулы жерден түсіруге көмектескен. Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, одан әрі тексеру үшін дәрігерлерге тапсырылған.

Екінші жағдайда Шымбұлақтағы Комби-2 аймағында жас жігіт түсу кезінде тізесін зақымдап, әрі қарай жүре алмаған. Құтқарушылар хабарламаны алған соң дереу оқиға орнына жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, таулы жерден қауіпсіз түсіруді ұйымдастырған. Жігіт медициналық тексеру үшін дәрігерлерге тапсырылған.

ТЖД тұрғындар мен туристерге таулы жерлерде сақ болуды, маршруттармен көтерілу және түсу кезінде физикалық дайындықты ескеруді ескертеді, — делінген хабарламада.

Дереккөз: Nur.kz