...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Төлендиев көшесін салу үшін алматылықтардан тағы 10 жер телімі сатып алынады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» қаулыға қол қойды. Құжат бойынша, Алатау ауданындағы 10 жер учаскесі мемлекет қажеттілігі үшін алынады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мәжбүрлеп иеліктен шығару 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс. Жер қатынастары басқармасы иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге міндеттелді.

Учаскелер мына мекенжайлар бойынша орналасқан:

  • Өжет шағын ауданы, Шалкөде көшесі, 44 үй – екі учаске;
  • Өжет шағын ауданы, Красноармейская көшесі, 24 үй;
  • Өжет шағын ауданы, Жанайдар Садуақасов көшесі, 111А үй – екі учаске;
  • Өжет шағын ауданы, Хасен Оралтай көшесі, 214 үй;
  • Болашақ шағын ауданы, 114/2 үй – екі учаске;
  • «Құс өсіруші» бағбандық серіктестігінің тұтыну кооперативі, Орталық көшесі, 25 үй;
  • «Құс өсіруші» бағбандық серіктестігі, Орталық көшесі, 29 үй.

Еске салайық, Төлендиев көшесін БАҚАД-қа дейін салу жоспары 2021 жылы белгілі болған еді. 2024 жылы Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейінгі учаскеде қанша үй бұзылатыны туралы ақпарат жарияланды. Ағымдағы жылдың ақпан айында 1000-нан астам үй мен учаскені сатып алу туралы хабарланған болатын.

Дереккөз: Nur.kz