...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда тағы бір заңсыз қосалқы құрылысты бұза бастады

Алматының Медеу ауданында тұрғын үйге заңсыз салынған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзу жұмыстары басталды. Сот шешімімен жүргізіліп жатқан демонтажды әкімдік хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, Бегалин көшесі, 140 мекенжайында орналасқан нысанда сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық жобасыз шаруашылық жолмен қолданыстағы тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, қосалқы құрылыс пен қосымша бөлмелер салынған.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық жобасыз шаруашылық жолмен қолданыстағы тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген», — делінген хабарламада.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Талап орындалмаған соң, басқарма сотқа жүгінген.

«Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың тұрғын үйге салынған қосымша құрылыс пен екі қабатты қосалқы құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды», — деп хабарлады басқармадан.

Қазіргі уақытта меншік иесі сот шешімін орындау мақсатында нысанды өз күшімен бұзып жатыр.

Дереккөз: Nur.kz