Танымал қытайлық блогерлер Jiang Yu мен Chen Peipei Алматы қаласы мен Алматы облысына таныстыру пресс-туры аясында келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында қонақтар Шымбұлақта, Көк-төбеде, Жасыл базарда, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында және Вознесенск кафедралды соборында болды. Сондай-ақ олар Көлсай көлі мен Шарын шатқалына барды.
Сапар қорытындысы бойынша блогерлер фото және бейнематериалдар дайындады, олар Қытайдың көпмиллионды аудиториясын Алматы мен Алматы облысының табиғи көрікті жерлерімен, мәдениетімен және туристік әлеуетімен таныстырады.
Бұл визит Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытудағы кезекті қадам болғаны атап өтіледі. Жарияланымдар қытайлық туристердің назарын өңірге және оның танымал көрікті жерлеріне аударуға көмектеседі деп күтілуде.
Дереккөз: Inalmaty.kz