Алматыда SkyTrain жобасы бекітілді: екі желінің маршруты белгілі. Жалпы ұзындығы 42 км, 20 станция. Президент Тоқаев жобаны 1 тамызға дейін пысықтауды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Алматы агломерациясын дамыту қажеттігін айтып, SkyTrain және Almaty SkyHub жобалары бойынша тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға күн сайын 400 мың көлік кіретінін айтып, Skytrain жобасын жеделдетуді тапсырды. Жобаның барлық аспектілері 1 тамызға дейін пысықталуы тиіс.