Алматыда 20 қазанда ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, қалада айнымалы бұлтты ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді.
Жауын-шашын күтілмейді.
