...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Тоқаев Алматы мен облысқа кіруге қатысты тапсырма берді: SkyTrain және Almaty SkyHub жобалары

Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Алматы агломерациясын дамыту қажеттігін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, Алатау қаласының Алматыға жақын орналасуы олардың арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды едәуір кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді. Ол бұны «өңірдегі билік өкілдері де, кәсіпкерлер де жақсы түсінуі керек» екенін атап өтті.

«Сондықтан қайталаймын: Алатау қаласында ең алдымен бизнес жүргізу үшін тартымды жағдай жасау керек, ал кәсіпорындардың артынан адамдар тартылады, бұл өз кезегінде Алматыға маятникті көші-қонды азайтады», — деді президент.

Тоқаевтың сөзінше, күн сайын Алматыға облыстан шамамен 400 мың автокөлік кіреді. Ол «Алматы агломерациясы ішінде көлік байланысын күшейтіп, жылдам қоғамдық көлікті белсенді дамыту қажет» екенін айтты.

Президент Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін қала шекарасынан шығыс және батыс бағыттарында SkyTrain желілерін салу жобасының барлық аспектілерін пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ Алатауды Алматымен байланыстыратын жылдам қоғамдық көлікті дамыту мәселесін пысықтау керек. Жаңа қаланың БАҚАД бойында орналасуы және Алатауды Қорғасқа қосатын теміржол тармағын дамыту перспективада Алматы агломерациясынан тысқары шығуға мүмкіндік береді. «Яғни, үлкен облыстық кластер қалыптасады. Өңірдің маңызды жобаларының бірі заманауи мультимодальды логистикалық орталық — Almaty SkyHub болады», — деп тапсырды Тоқаев.

Осы амбициялық жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті жағдай жасап, инвесторларды белсенді тарту керек екенін айтты.

«Маған белгілі болғандай, қазіргі уақытта сауда-логистикалық орталықтар мен қойма инфрақұрылымын дамытуға мүдделі әлеуетті серіктестер, оның ішінде шетелдік компаниялар бар. Ашылып жатқан мүмкіндіктерді барынша пайдалану керек», — деді Тоқаев.

Дереккөз: Nur.kz