Алматыда жаңа қоғамдық көлік түрі – SkyTrain пайда болуы мүмкін. Әкімдік жобаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, SkyTrain – заманауи жоғары жылдамдықты монорельсті көлік.
«Алматыда SkyTrain құрылысы көлік ағындарын қайта бөлуге және жол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», – деп санайды әкімдікте.
Қазіргі уақытта SkyTrain-ның екі желісінің өтетін бағыттары анықталған. Желілердің жалпы ұзындығы 42 км, станциялар саны – 20. Орташа жылдамдығы – 35 км/сағ. Депоны Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылының («Барлық» ТПҚ маңы) аумағында орналастыру жоспарлануда.
Екінші желінің бағыты – Райымбек даңғылы бойымен Саин көшесінен «Шығыс қақпасы» ТПҚ-на дейін. Ұзындығы 13 км (4 станция). Іске асыру мерзімі – 36 ай.
Дереккөз: Nur.kz