Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Абай даңғылы, Рысқұлов даңғылы және Саин көшесін БАҚАД-қа дейін жалғастыру жобаларының барысымен танысты. Нысандардың дайындығы 50% құрайды, Абай даңғылы мен Саин көшесіндегі жол биыл ашылады.
Алматыда Жұбанов, Төле би көшелері мен Рысқұлов даңғылын салу жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында осы учаскелердегі жұмыстардың барысын тексерді.
Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Бөкейханов көшесіндегі көпірге күрделі жөндеу жүргізіледі. Жоба құны 1,2 млрд теңге, мерзімі 13 ай. Жеңімпаз — «СЕрВИС НС» ЖШС.