...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Жұбанов, Төле би және Рысқұлов даңғылын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Алматыда Жұбанов, Төле би көшелері мен Рысқұлов даңғылын салу жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында осы учаскелердегі жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта жер телімдерін сатып алу, инженерлік коммуникацияларды ауыстыру, жер төсемі мен жол жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аумақтар босатылған сайын жүзеге асырылуда. Қосымша қиындықтарды есепке алынбаған және иесіз инженерлік желілер тудыруда. Осыған қарамастан, қала басшысы құрылысты барынша жеделдетіп, барлық мүмкін жұмыс түрлерін қатар атқаруды тапсырды. Бірінші нысан – Жұбанов көшесі болды. Мұнда екі құрылыс бригадасы және 50-ге жуық арнайы техника жұмыс істеуде.

«Қазір бірінші кезектің құрылысы жүргізілуде – Алатау көшесінен Карьерная көшесіне дейін. Учаскенің ұзындығы 1 километр 220 метрді құрайды. Бүгінгі күні бұзылуға тиіс үйлердің шамамен 90%-ы бұзылды. Қазір топырақтың өсімдік қабатын алып, жер жұмыстарын орындап, балласт қабатын төсеп жатырмыз. Құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жол екі бағытты қозғалыспен 4 жолақты болады. Екі жағында тротуарлар мен веложол қарастырылған», – деді мердігер компанияның өкілі Илесхан Адеев.

«Төле би көшесін ұзарту бойынша біздің учаскенің жалпы ұзындығы 2 километр 200 метрді құрайды. Оның ішінде шамамен 1 километр 600 метрі салынған. Келесі учаске Яссауи көшесінен басталып, Алатау көшесіне дейін жалғасады», – деді мердігер компанияның директоры Қанат Дәулетшинов.

Әрі қарай қала басшысы Рысқұлов даңғылына барды. Қазір мұнда 200-ге жуық жұмысшы еңбек етіп, 150 бірлік техника жұмылдырылған. Бұл жобалар Алматы үшін стратегиялық маңызға ие. Мамандардың болжамы бойынша, құрылыс аяқталғаннан кейін қала аудандары арасындағы көлік байланысы жақсарып, тұрғындар үшін жол желісінің қолжетімділігі артып, қолданыстағы магистралдарға жүктеме азаяды.

«Рысқұлов даңғылын ұзарту 2 километр 300 метрді құрайды. Жол Алғабас және Теректі шағын аудандары арқылы өтіп, Алматы облысымен шекараға дейін барады. Қазіргі уақытта жер жұмыстары мен инженерлік коммуникацияларды ауыстыру шамамен 80%-ға орындалған. Бүгінгі күні 700 метрге жуық бордюр және арық желісі орнатылды», – деді мердігер компанияның өкілі Жанболат Қасымбаев.

Дереккөз: Almaty.tv