Алматыда блогер діни мазмұндағы видеосы үшін жауапқа тартылды. Ол сән көрсетілімінде өнер көрсеткен қыздар туралы жағымсыз пікір білдіріп, видео жариялаған.
Алматы қалалық соты блогер Әділетхан Молдаханға 5 жылға қоғамдық-публицистикалық қызметке тыйым салды. Ол көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікпен 31 наурызда ұсталған.