
Алматыдағы жеке клиника Smart Beauty Clinic блогер Сәуле Базархан қайтыс болғаннан кейін ресми мәлімдеме жасап, пациенттерді қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Клиника мәлімдемесінде қайтыс болған адамның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, болған оқиғаны ауыр жағдай деп атады. Медициналық орталықта заңда көзделген рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Дәрігерлік құпия және тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты мәліметтер мен медициналық жағдайлар жарияланбайды.
Қазіргі уақытта пациенттерді қабылдау уақытша жүргізілмейді, — делінген клиника хабарламасында.
Қайғылы оқиға өткен аптада оңтүстік астанада болды. Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады.
Дереккөз: Inalmaty.kz