Қазақстанда жаһандық жылыну қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары екенін метеорологтар бұған дейін хабарлаған болатын. Енді, 10-12 шілде аралығында бірқатар өңірде қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
10 шілдеде Астанада ауа аздап бұлтты болады. Күндіз жел секундына 12 метрге дейін күшейеді. Түнгі ауа температурасы +17+19°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C болады. 11 шілдеде ауа айнымалы бұлтты, түнде +15+17°C, күндіз +35+37°C. 12 шілдеде де айнымалы бұлтты, түнде +18+20°C, күндіз +35+37°C.
Алматыда 10 шілдеде айнымалы бұлтты, түнде +19+21°C, күндіз +33+35°C. 11 шілдеде айнымалы бұлтты, түнде +20+22°C, күндіз +35+37°C. 12 шілдеде айнымалы бұлтты, түнде +21+23°C, күндіз +36+38°C.
Шымкентте 10-12 шілде аралығында айнымалы бұлтты. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнгі ауа температурасы +22+24°C, күндіз қатты ыстық +38+40°C болады.
Дереккөз: Zakon.kz