...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Сахнада дипломды жыртқан түлек бес тәулікке қамалды

Алматыда колледж түлегі сахнада дипломды жыртқан видеосы үшін бес тәулікке қамаққа алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде резонанс тудырған видеода жас жігіт дипломның мұқабасына ұқсас затты жыртып жатқаны көрсетілген. Полиция тексеріс жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады.

«Алматыдағы жеке колледждердің бірінің түлегі салтанатты диплом тапсыру рәсімінен кейін диплом мұқабасына ұқсас затты арандатушылықпен жыртып жатқан видеоны жариялаған», — делінген хабарламада.

Алайда түпнұсқа диплом мен қосымшасы, сондай-ақ оқу орны берген мұқаба зақымданбаған. Видео авторы алдын ала дайындалған диплом мұқабасының имитациясын пайдаланған.

«Тексеру қорытындысы бойынша видео авторы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша сот бес тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады», — деп хабарлады Алматы ПД.

Бұған дейін түлектің видеосы әлеуметтік желілерде үлкен ажиотаж тудырып, кейін ол кешірім сұраған видео жазған еді.

Дереккөз: Nur.kz