...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыға кіреберістерде қозғалыс 19 қарашаға дейін шектеледі

Алматыға кіреберіс жолдарда ауыр жүк көліктері үшін салмақтық-габариттік бақылау жүйелері орнатылады, орнату жұмыстары кезінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кіреберістерде салмақтық және габариттік бақылау жүйелері орнатылады. Олар ірі габаритті жүк көліктерінің жүріп өтуін тиісті деңгейде бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет.

Жүйелерді орнатуға байланысты трассаларда қозғалыс ішінара шектеледі.

«19 қазаннан 19 қарашаға дейін Күлжі трактісінің қала шекарасынан Бұқтырма көшесіне қарай 200 метр учаскесінде қарсы бағытты қозғалыс ұйымдастырылады. Сонымен қатар осы кезеңде Іле трактісінің қала шекарасынан Сүйінбай даңғылына қарай 200 метр учаскесінде де қарсы бағытты қозғалыс енгізіледі», — делінген хабарламада.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды, жылдамдық режимін ұстануды және қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және технологиялық процеске әсер ететін өзге де факторларға байланысты түзетілуі мүмкін екені нақтыланды.