...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Алматыда гуманоидты роботтар шығаратын алғашқы шетелдік зауыт салынады

Алматы қаласында гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы Шанхайда өткен бизнес-форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Алматы әкімдігі, Nero Robotics компаниясы және UBTECH Robotics негізін қалаушы Чжоу Цзянь арасында келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

UBTECH компаниясы робототехника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады, оның нарықтық капитализациясы шамамен 6 млрд АҚШ долларын құрайды. Компанияның әзірлемелері көптеген елдердің өнеркәсіптік кәсіпорындары мен білім беру мекемелерінде қолданылады.

Дәл Алматы компанияның алғашқы шетелдік өндірістік жобасын іске асыру үшін таңдалды. Қалада гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын зауыттың құрылысы басталып кетті. Өндірісті іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Өндірістен бөлек, жоба инженерлік-зерттеу орталығын құруды, заманауи технологияларды енгізуді және робототехника саласындағы қазақстандық мамандарды даярлауды көздейді.

Жобаны іске асыру жаңа инвестициялар тартуға, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға және Алматыны инновациялар мен заманауи технологиялар орталығы ретінде дамытуға тағы бір қадам болады деп күтілуде.

Дереккөз: Almaty.tv