Алматының Алмалы аудандық сотында Санжар Бокаевтің ісі бойынша сот процесі басталды. Ол ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша ұрлады деп күдіктелуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бокаев бірқатар қылмыс жасады деп күдіктелуде. Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190, 188, 218, 340 және 274-баптары тіркелген.
Сотталушылар орындығында Бокаевтан бөлек тағы екі адам бар.
Іс бойынша алғашқы сот отырысы 28 қыркүйекте өтуі тиіс еді, бірақ кейінге шегерілді.
Бұған дейін Бас прокуратура Санжар Бокаев жалған ақпарат тарату және қоғамдық пікірге кері әсер ету мақсатында әлеуметтік желілерде қоғамдық саябақ аймағында жекелеген адамдардың ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдар жариялағанын хабарлаған.
Ведомство оның ұсталғанын хабарлады. Сондай-ақ Бокаев ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша ұрлады және ағаштарды заңсыз кешуді ұйымдастырды деп күдіктелетіні айтылған.
