...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда Саина көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша жабылады

Алматыда Саина көшесінің бір учаскесінде асфальт төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жол 17 қазан сағат 07:00-ден 19 қазан сағат 23:00-ге дейін Саина көшесінің шығыс жағында, Рысқұлов даңғылынан Монке би көшесіне дейінгі аралықта, сондай-ақ Шәріпов көшесі бойынша жабылады.

Шектеу асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде алдын ала ескерту белгілері қойылады.

Алматы тұрғындарынан өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.