...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Құтқарушылар Алматы тауында 4317 метр биіктікте қалған екі туристі аман алып шықты

Алматы тауында екі әйел турист 4317 метр биіктікте қалып қойды. Олардың соңғы орны күндіз шың маңында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Іздеу-құтқару операциясына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері дереу аттанды. Үлкен Алматы көлі ауданына жеткен құтқарушылар Сатпаев шыңы бағытындағы биік таулы маршрутты тексеруге кірісті.

Іздеу-құтқару жұмыстары барысында туристер Сатпаев шыңы маңындағы кемпингте теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте табылды. Құтқарушылар қыздарды қауіпсіз жерге дейін алып шықты. Операция сәтті аяқталды. Туристерге медициналық көмек қажет болмады.

Дереккөз: Zakon.kz