...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда мотоцикл мен BYD соқтығысты: екі байкер жарақат алды

Алматыда Сейфуллин көшесінде BYD автокөлігі мен Honda мотоциклі соқтығысып, екі мотоциклші жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Zakon.kz арнайы тілшісінің мәліметінше, BYD автокөлігі Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Никитин көшесіне бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта (оңтүстікке) келе жатқан Honda мотоциклімен соқтығысқан. Мотоциклде екі адам болған. Соқтығысқаннан кейін BYD жүргізушісі дереу тоқтай алмай, жол жиегіне соғылып, жолдан шығып кете жаздаған.

Мотоциклдің толық жылдамдықпен автокөлікке соғылғаны айтылады. Екі мотоциклші де соқтығыс кезінде мотоциклден ұшып кеткен. Жүргізушінің жағдайы ауыр, ол жолаушысымен бірге ауруханаға жеткізілді. BYD жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Павлодарда жүргізуші трамвай бағанасын соғып қайтыс болғаны хабарланған.

Дереккөз: Zakon.kz